19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатының финалдық кездесуі өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
ФИФА финалдық кездесуге қызмет көрсететін төрешілер құрамын ресми түрде жариялады.
Басты төреші болып словениялық Славко Винчич тағайындалды. Төреші өз есімін естігенде эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.
Оған қосалқы төрешілер ретінде Томаж Кланчник пен Андраж Ковачич көмектеседі. Төртінші төреші міндетін иорданиялық Адхам Махадме, ал резервтік төреші қызметін Мохаммад Әл-Қалаф атқарады.
Шешуші матчта Испания мен Аргентина құрамалары АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы MetLife Stadium аренасында кездеседі.
