Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев Азия ойындарына дайындық барысы туралы айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
Алматыда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында қазақстандық дзюдошылар Азия ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр.
Ғұсман Қырғызбаевтың айтуынша, спортшылар алғашқы он күнді физикалық дайындыққа арнаса, қазір белдесу шеберлігін жетілдіруге басымдық беруде.
«Азия ойындарына дайындықты бастап кеттік. Осыдан он күн бұрын физикалық тұрғыдағы дайындықтан өтсек, қазір күресу жағынан шеберлігімізді шыңдап жатырмыз. Менің Азия ойындарындағы басты қарсыластарымның бәрі осында жүр. Бір-біріміздің күшімізді саралап, аңлдысып жүрміз.
Хифуми Абеге келсек, ұтып қоюға да мүмкіндік болды. Қытайдағы финалдық кездесу мені ары қарай шабыттандырды. Ары қарай шеберлігімізді шыңдап, аңдысып, видеоанализ жасаймыз. Үлкен додаларда, елімізде өтетін әлем чемпионатында кеткен еселерді қайтару қажет», — деді Қырғызбаев.
