Дастан Сәтбаев лондондық «Челси» клубымен бірге алғашқы жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
8 тамызда «Челси» Индонезияның Джакарта қаласында Италияның «Милан» командасымен жолдастық кездесу өткізді. Матч маусым алдындағы Indonesia Super Cup аясында өтіп, лондондық клубтың 3:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
«Челси» сапында Жоау Педру дубль жасаса, тағы бір голды Мойсес Кайседо соқты. Ойын аяқталғаннан кейін жеңімпаз командаға арнайы жүлде табысталды.
Осылайша, 17 жастағы Дастан Сәтпаев «Челси» құрамында маусым алдындағы Индонезия Суперкубогының жеңімпазы атанды. Бұл — қазақстандық футболшының лондондық клубтағы алғашқы жүлдесі.
«Миланға» қарсы кездесуде Сәтпаев қосалқы құрамда қалып, алаңға шыққан жоқ. Бұған дейін ол «Челсидің» маусым алдындағы турнесі аясында үш матчқа қатысып, бір гол соққан.
