Алматыда облысында дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл жиынға 3 Олимпиада чемпионы, Олимпиада ойындарының 11 жүлдегері, Әлем чемпионатының 20 жеңімпазы мен 50-ге жуық жүлдегері қатысып жатыр.
Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары Елдос Сметов пен Лаша Шавдатуашвили (Грузия), Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев, әлем чемпиондары Рюдзю Нагаяма (Жапония), Санширо Мурао (Жапония), Такеси Такеока (Жапония), Инал Тасоев (Ресей), Тимур Арбузов (Ресей), Тато Григалашвили (Грузия), Мими Хух (Оңтүстік Корея) және әлемдік дзюдоның өзге де жұлдыздары бар.
