Жапониялық дзюдошы Косукэ Машияма алдағы уақытта халықаралық жарыстарда Моңғолия атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Спортшы 2021 жылы Бакуде, 2022 жылы Токиода өткен «Үлкен дулыға» турнирлерінде жеңімпаз атанған. Сонымен қатар Жапония чемпионатында үш рет топ жарған. Қазіргі уақытта Косукэ Машияма Моңғолияда жаттығып жүр.
2027 жылдың сәуір айынан бастап Машияма Моңғолия құрамасының толыққанды мүшесі ретінде халықаралық жарыстарға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
