Аргентиналық спортшысы София Монтенегро UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде ауыр жарақат алып қалды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жеңіл салмақта өнер көрсететін 27 жастағы спортшы Парижде өткен UFC турнирінде франциялық Дельфина Бенуамен кездескен. Алайда Монтенегро үшін октагондағы алғашқы айқас сәтсіз аяқталды.
Жекпе-жек барысында Бенуа партерде басымдық танытып, қарсыласына бірнеше ауыр соққы жасаған. Кейін франциялық жауынгер тұншықтыру әдісін сәтті орындап, Монтенегро есінен танып қалған. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Айта кетейік, София Монтенегро UFC келісімшартына 2025 жылдың соңында өткен Dana White’s Contender Series турнирінен кейін қол жеткізген болатын. Ал оның қарсыласы Дельфина Бенуа кәсіби мансабындағы рекордын 8 жеңіс және 2 жеңіліске жеткізді.
