Қазақстан бокс федерациясы Жапонияда өтетін Азия ойындарында қатысатын ерлер құрамасының тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрлық додасында ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі:
55 келі — Махмұд Сабырхан;
60 келі — Оразбек Асылқұлов;
70 келі — Төрехан Сабырхан;
80 келі — Сабыржан Аққалықов;
90 келі — Нұрбек Оралбай;
+90 келі — Айбек Оралбай.
Айта кетейік, Азиада-2026 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтеді. Азия ойындарының чемпионы атанған боксшы келесі жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады.
