Өзбекстан бокс федерациясы Азия ойындарына қатысатын құраманың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Құрлық додасына қатысатын Өзбекстан құрамасының тізімі:
55 келі — Самандар Олимов;
60 келі — Абдумалик Халоков;
70 келі — Шавкатжон Болтаев;
80 келі — Фазлиддин Эркинбоев;
90 кг — Турабек Хабибуллаев;
+90 кг — Жахонгир Зокиров.
Айта кетейік, Азиадаға 80 келіге дейінгі салмақтағы Өзбекстан құрамасының бірінші нөмірі Жавохир Умматалиев бармайды. Әлем чемпионы 24 қыркүйекте АҚШ-та Queensberry Promotions ұйымы аясында кәсіпқой рингте жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ құрам тізімінен Асадхужа Муйдинхужаев та орын алмады.
