Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасындағы гандбол бәсекесі басталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы жарыстағы алғашқы кездесуін Қытайға қарсы өткізді.
Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қытайлық гандболшылар 34:24 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, гандболдан Азия ойындарындағы жарыстар айналмалы жүйе бойынша өтеді. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 20 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.
