Британиялық боксшы Хамза Шираз WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
WBO мәліметінше, Шираздың промоутері Queensberry Promotions промоутерлік сауда аяқталғаннан кейін боксшының шешімін ұйымға жазбаша түрде жеткізген. Осылайша британдық спортшы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізуден бас тартты.
«WBO Хамза Шираз бен оның командасының шешімін құрметтейді», — делінген ұйым хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Шираз қолындағы жарақатына байланысты қараша айына дейін жекпе-жек өткізе алмайтынын айтқан еді.
