Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Триатлоннан ерлер арасындағы жарыста Арлан Жаңабай мәреге үшінші болып жетіп, қола жүлдеге ие болды.
Жарыс қорытындысы бойынша Жапония өкілі Такауми Ходжо 52:56 нәтижесімен алтын медаль жеңіп алды. Қытай спортшысы Чжан Сюжуй 53:05 уақыт көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал Арлан Жаңабай 53:11 нәтижесімен қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, 2026 жылы Арлан Жаңабай Қытайдың Тайчжоу қаласында өткен Азия кубогы кезеңінде қола, ал Түркістанда өткен кезеңде күміс медаль жеңіп алған.
Фото: Арлан Олжабай
