Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына алғашқы алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Рината Сұлтанова тас жолдағы велоспорттан жекелей жарыста топ жарды. Отандасымыз жарыс жолын 36:23.72 уақытта бағындырды.
Күміс медальді Қытай спортшысы Чжан Хао иеленді. Ол Сұлтановадан 4,86 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Шин Чиын түйіндеді. Оның нәтижесі чемпионнан 32,42 секундқа төмен болды.
Осылайша Рината Сұлтанова Қазақстан құрамасына Азия ойындарындағы алғашқы алтын жүлдені сыйлады.
Айта кетейік, Рината Сұлтанова бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей жарыста қола медаль жеңіп алған.
Фото: Владислав Семёнов
