Қазақстандық боксшылар Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жарысын бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
Алғашқы болып шаршы алаңға 80 келіге дейінгі салмақтағы Сабыржан Аққалықов шықты. Ол 1/8 финалда Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Сонмен жұдырықтасты.
Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:2 есебімен кореялық боксшыға берді. Осылайша Ким Мин Сон ширек финалға жолдама алса, Сабыржан Аққалықов Азия ойындарындағы жүлде үшін күресін аяқтады.
Айта кетейік, бірінші раундта төрешілердің барлығы Сабыржан Аққалықовтың басымдығын көрсеткен. Екінші раундта Ким Мин Сон басым түсті. Ал үшінші раундта барлық төреші жеңісті Оңтүстік Корея өкіліне берді.
