Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық бәсекелер жалғасып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу үшін ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек ирандық спортшының пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Айта кетейік, бұл — Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.
