Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ушу шебері Абдурашид Абдуллаев финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Абдурашид Абдуллаев жартылай финалда Тайбэй өкілі Хуан Жангпен кездесіп, техникалық нокаут арқылы жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық спортшы Азия ойындарының чемпионы атану үшін финалда бақ сынайды.
Алтын медаль үшін айқаста Абдурашид Абдуллаев Иран өкілі Сохеил Мусавиге қарсы шығады. Финалдық кездесу ертең өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін ушудан Қазақстан құрамасының өкілі Әлижан Аблағатов 70 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған еді.
