Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында байдарка мен каноэде ескек есуден Қазақстан құрамасы екі медаль иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
500 метрге екілік-байдаркадан сынға түскен Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая финалда 1:48.140 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал екілік-каноэде 500 метр қашықтықта Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов 1:44.972 уақытпен мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстанның байдарка мен каноэде ескек есуден Азиададағы қоржынына бір күміс және бір қола медаль қосылды.
