Төрехан Сабырхан Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз 1/8 финалда Катар өкілі Мохаммед Дбичимен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің барлығы жеңісті Сабырханға берді.
Екінші раундта Төрехан Сабырхан қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша, қазақстандық боксшы Азия ойындарының ширек финалына жолдама алды.
