Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір жолдамамен толықты.
58 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама алды. Ол жартылай финалда филиппиндік спортшы Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен артта қалдырды.
Енді 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасында сынға түседі.
Еске сала кетейік, іріктеу сайыстарында Самирхан Абабакиров Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын ұтты.