Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жартылай финалда Айбек Оралбай Үндістан өкілі Нарендермен кездесті.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Төрешілер үш раундтың барлығында Оралбайдың басымдығын тіркеді. Ал соңғы раундта Нарендер нокдаунға түсті.
Осылайша, Айбек Оралбай Азия ойындарының алтын жүлдесі үшін финалда жұдырықтасады. Ал Нарендер жарысты қола жүлдемен аяқтады.
