Самбодан Ресей чемпионатының қола жүлдегері Магомед Давудов Дағыстанда көз жұмды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Ақпаратқа сәйкес, спортшы «Маракеш» мейрамханасының банкет залында өткен іс-шараға қатысқан. Кейін ғимараттың кіреберісіне шыққан сәтте қара түсті Toyota Camry көлігінен белгісіз адамдар оған оқ атқан.
Оқтың бірі спортшының басына тиген. Магомед Давудов ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
Дағыстан Республикасының күштік құрылымдары ТАСС агенттігіне күдіктінің ұсталғанын хабарлаған. Құқық қорғау органдары спортшыны өлтірді деген күдікпен Махачкала қаласының 23 жастағы тұрғынын қолға түсірген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға спортшының айналасындағы адамдар айтқандай, жанжал себеп болуы мүмкін.
Айта кетейік, Магомед Давудов — самбодан Ресей чемпионатының 2023 жылғы қола жүлдегері, Ресей спорт шебері. Сонымен қатар, ол 2016 жылы дзюдодан Еуропа кубогының жеңімпазы атанған.
