Әлемнің екі дүркін чемпионы Махмұд Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жартылай финалдық жекпе-жекте отандасымыз Филиппин өкілі, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Карло Пааламмен кездесті.
Кездесудің алғашқы раундында төрешілер 4:1 есебімен филиппиндік боксшының пайдасына шешім шығарды. Екінші раундта Махмуд Сабырхан 3:2 есебімен басым түсті. Шешуші үшінші раундта қазақстандық боксшы бірінші нөмірмен белсенді шабуылдаса, Паалам қарсы шабуылдарға басымдық берді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бөлініп, жеңіс Карло Пааламға берілді.
Осылайша, Карло Паалам финалға шықса, Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, бұл — қос боксшының мансабындағы екінші кездесу. Олар бұған дейін 2022 жылы Иорданияда өткен Азия чемпионатының финалында жұдырықтасқан. Сол кездесуде төрешілердің басым дауысымен Паалам жеңіске жеткен еді.
