Абиба Абужақынова дзюдодан Азия ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
48 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Мицуки Кондомен кездесті. Нәтижесінде Жапония өкілі жеңіске жетті.
Осылайша, Абиба қатарынан екінші рет Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Бұған дейін ол Ханчжоу-2022 ойындарында күмістен алқа таққан еді.
