Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар Алмат Әділет пен Ажар Асхат финалға шықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Алмат Әділет жартылай финалда тәжікстандық Абубәкір Шеровты вазари әдісімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды. Қазақстандық дзюдошы финалда жапониялық Сотаро Фудзиуарамен кездеседі.
Ал Ажар Асхат 70 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда моңғолиялық Анужин Уран-Улзиден басым түсіп, алтын жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның финалдағы қарсыласы — жапониялық Рин Меда.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының тағы екі өкілі қола медаль үшін белдеседі.
63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова өзбекстандық Маржона Нуруллоевамен кездеседі.
57 келіге дейінгі салмақта Дана Абдирова жұбаныш белдесуінде қытайлық Юинг Таоны юко әдісімен жеңіп, қола жүлде үшін белдесуге жолдама алды. Оның қарсыласы — Солтүстік Корея өкілі Ким Хен А.
