Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен әлем чемпионы ақтық сында Иордания өкілі Зейад Ишаишпен қолғап түйістірді.
Төрехан жекпе-жек барысында сенімді өнер көрсетіп, нәтижесінде төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан мен Зейад Ишаиш бұған дейін 2026 жылғы сәуірде Моңғолияда өткен Азия чемпионатының финалында кездескен. Сол жекпе-жекте Иордания боксшысы жеңіске жеткен еді.
Осылайша, Қазақстан боксшылары 2014 жылғы Инчхон Азиадасынан кейін араға 12 жыл салып, осы салмақта қайтадан чемпион атанды.
