Футзал алғаш рет жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енуі мүмкін, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) спорттың бұл түрін 2032 жылы Австралияның Брисбен қаласында өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу жөнінде Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) өтінім жолдады
Бұл бастамаға қатысты алғашқы талқылау 2026 жылдың желтоқсан айында өтеді деп жоспарланған.
Ал ресми шешім 2027 жылдың 29 сәуірі мен 1 мамыры аралығында қабылдануы мүмкін.
Егер ұсыныс мақұлданса, Қазақстан құрамасы футзалдан Олимпиада ойындарына қатысуға және ел тарихындағы алғашқы олимпиадалық жолдаманы сарапқа салуға мүмкіндік алады.
