Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында күрес түрлерінен қазақстандық спортшылар жарысты жалғастырып жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 76 келіге дейінгі салмақта Эльмира Сыздықова жартылай финалда Қытай өкілі Ли Вэньцзимен белдесіп, 9:8 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық балуан Азия ойындарының финалына жолдама алды.
Ал еркін күрестен 125 келіде Едіге Қасымбек жартылай финалда Иран өкіліне қарсы белдесті. Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталып, қосымша көрсеткіш бойынша жеңіс қарсыласына берілді. Едіге енді қола жүлде үшін Түрікменстан өкілі Зыямұхаммет Сапаровпен күреседі.
86 келіде Азамат Дәулетбеков жұбаныш белдесуінде Пәкістан өкілі Номан Заканы 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді. Ол қола медаль үшін Моңғолия балуаны Сүлдхүү Олонабаярмен белдеседі.
Сондай-ақ 65 келіде Начын Куулар жұбаныш белдесуінде Сауд Арабиясы өкілін жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның келесі қарсыласы — Солтүстік Корея өкілі Кван Джин Ким.
