Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
Отандасымыз аса ауыр салмақтың финалында өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта Айбек 3:2 есебімен басым түсті. Екінші раундта төрешілердің барлығы жеңісті Айбекке берді. Оған қоса, өзбекстандық боксшыдан бір ұпай шегерілді. Нәтижесінде Айбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша ұлттық құрама капитаны Қазақстанға екінші алтын медальді сыйлады.
Айта кетейік, бұған дейін Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алтын алған еді.
