Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрқожа Қайпанов финалға шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
Қайпанов жартылай финалда Иран балуаны Йонес Эмамечоғаймен белдесіп, 2:4 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы кездесуінде Пәкістан өкілі Инаят Улланы 12:2 есебімен жеңсе, ширек финалда Оңтүстік Корея балуаны Хан Дэ Гилді 11:0 есебімен ұтқан болатын.
Енді Нұрқожа Қайпанов Азия ойындарының қола жүлдесі үшін белдеседі.
Айта кетейік, оның жартылай финалдағы қарсыласы Йонес Эмамечоғай — 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы.
