Әзербайжандық дзюдошы Зелим Цкаев Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Цкаев финалға дейін Виктор Стерпу, Нугзари Таталашвили, Маттиас Кассе және қазақстандық Абылайхан Жұбаназарды жеңді.
Шешуші белдесуде грузиялық үш дүркін әлем чемпионы Тато Григалашвилиден жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, финалдық белдесуден кейін Зелим Цкаевты залдан қолтығынан сүйеп алып кеткен.
