Абылайхан Жұбаназар Бакуде өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлде үшін белдесудегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Жалпы, бәрі қалыпты өтті. Бұл әлем чемпионатына толық дайындықпен келе алмадым. Сол себепті белдесу қиын болды, әрбір кездесу оңайға соқпады.
Қола жүлде үшін болған белдесуде бірнеше ұсақ қателік жібердім. Ешқандай күрделі мәселе болған жоқ, тек жағдайға сәл жеңіл қарадым. Жеңіс менің қолымда тұрды, бірақ оны уыстан шығарып алдым. Өте өкінішті», — деді Жұбаназар.
Айта кетейік, қола жүлде үшін кездесуде отандасымыз жарыс қожайыны Омар Раджаблимен белдесті. Белдесу Әзербайжан спортшысының мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталып, Абылайхан Жұбаназар әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.
