Қазақстан бокс федерациясының өкілі Мырза Еркінбек әлеуметтік желідегі жазбасында Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ол Азия ойындарындағы жеңістен кейін Бақыт Сәрсекбаев пен Айдар Шәрібаевты белгілеп, «Сын айтқыштар, қайдасыңдар? Сайраңдар» деп пікір қалдырған.
Оған желі қолданушысы: «Сәрсекбаев жастар бапкері, федерацияда жүр. Сіз де федерацияда жүрсіз. Ауызбіршілік жоқ па? Құрмет, сыйластық? Ұят», — деп жазды.
Федерация өкілі: «Ол кісіні біз жастар құрамасына қойған жоқпыз. Пайдасынан зияны көп. Сіздер білмейсіздер не істеп жүргенін. Мен білемін барлық шындықты жақында естисіздер», — деп жауап берген.
Мырза Еркінбектің бұл пікіріне оқырмандар да назар аударып, жазбасын әдепсіздік деп бағалаған.
Федерация өкілі бұл мәлімдемесіне әзірге қосымша түсініктеме берген жоқ.
