Айдос Сұлтанғали Астанада өтетін күрес түрлерінен әлем чемпионатына қатысады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұған дейін United World Wrestling (UWW) ресми сайтында Астанада өтетін әлем чемпионатына қатысатын грек-рим күресі балуандарының тізімі жарияланған болатын. Алайда 60 келі салмақта Қазақстан атынан Ербол Камалиев көрсетілген.
Осыған байланысты Sportbugin.kz тілшісі Айдос Сұлтанғалиға хабарласып, оның әлем чемпионатына қатысатынын нақтылады. Балуанның өзі Астанада өтетін әлем біріншілігінде 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтынын растады.
Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазан — 1 қараша аралығында Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді.
