29 қазанда Тараз қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады, деп жазады Sportbugin.kz.
Ел біріншілігінде Азия ойындарының жүлдегерлері Төрехан және Махмұд Сабырхандар, сондай-ақ Айбек Оралбай шаршы алаңға шықпайды.
Бұдан бөлек, Нұрбек Оралбай да биылғы жарысқа қатыспайды. Боксшы Азия ойындарында алған жарақатына байланысты ел чемпионатын өткізіп алмақ.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін 2024 жылы Қазақстан чемпионатына қатысудан босатылған еді. Ал 2025 жылы Семейде өткен ел біріншілігінде де бақ сынаған жоқ. Осылайша, ұлттық құраманың тәжірибелі боксшысы биылғы Тараздағы додаға да қатыспайды.
