Таеквондошы Мария Севостьянова Парижде өткен World Taekwondo Grand Prix Series турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз алғашқы белдесуінде Тайбэй өкілі Вей Чун Линді жеңді. Кейін венгриялық Лука Патакфалвиден басым түсіп, жартылай финалға жолдама алу үшін өткен кездесуде өзбекстандық Мадина Мирабзолаваны 2:0 есебімен ұтты.
Алайда финал жолдамасы сарапқа салынған жартылай финалда бразилиялық, әлем чемпионы Мария Клара Пачекоға 0:2 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Мария Севостьянова Париждегі Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды.
