Шорт-тректен Қазақстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының жүлдесін иеленген Денис Никиша мен Алина Әжіғалиев елге оралды. Бұл туралы ҰОК ресми сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
Роттердамда (Нидерланд) өткен әлем чемпионатында Денис Никиша 500 метрге жүгіруден күміс жүлдегер атанды. Бұл ерсектер арасындағы әлем біріншілігінде жеңіп алған Қазақстанның алғашқы медалі.
«Мәреге жеткен соң не қуанарымды, не қуанбасымды білмедім. Екіұдай сезімде болдым. Мен үнемі алтынға таласамын, сол үшін дайындаламын. Ал мында күміс медаль… Менде де осындай болады. Бірақ мұны проблема демес едім. Үнемі алдыма биік мақсаттар қоятындықтан, үлкен жауапкершілікті сеземін. Абдырап қалғаным да содан. Кейін бәрін саналы түрде түсіндім.
Біз бұл медальді қанша күттік? Бұл тынымсыз еңбектің, тәртіп пен төзімнің нәтижесі. Жылдар бойы жалғасқан жұмыстың қорытындысы десем, артық емес. Енді тезірек демалып, қайтадан қатарға оралуға тырысамын. Олимпиадаға дейін екі-ақ жыл қалды. Бұл өте қысқа мерзім. Уақыт болса, зымырап жатыр… Ал әзірге тек демаламын», — деді Никиша.
Айта кетелік, Никишамен бірге Алина Әжіғалиеваға да құрмет көрсетілді. Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған. Бұл қазақстандық шорт-трек тарихында қыздар жеңіп алған әлем чемпионатының тұңғыш жүлдесі.
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі