Хасан Яздани Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында жеңіліс тапты, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлемнің үш дүркін чемпионы 1/8 финалда күтпеген жерден жапониялық жас балуан Араш Йошидаға 5:7 есебімен есе жіберді.
Белдесудің соңғы секундында жапон балуаны шешуші әдіс жасап, жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, Хасан Яздани 2016 жылы Рио Олимпиадасында 74 келі салмақта чемпион атанса, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында 86 келіде күміс жүлдегер атанды.
