Елдос Сметов Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турниріндегі алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Олимпиада чемпионы алғашқы айналымда Тәжікстан өкілі Мехрзод Суфиевпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан басым түсіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
Екінші айналымда Елдос Сметов Бразилия өкілі Диего Исмаэль мен Қытай балуаны Ма Юлинь арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.
Айта кетейік, Абу-Даби Grand Slam турнирі 29- 31 қазан аралығында өтеді.
