Айдос Сұлтанғали Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз қола жүлде үшін белдесуде Қытай балуанын 5:1 есебімен жеңді.
Жарыстан кейін алғашқы әсерімен бөліскен Айдос Сұлтанғали бұл жеңістің өзі үшін маңызды екенін айтып, елімізде балуандарға жасалып жатқан жағдайға да тоқталды.
«Бұрын боксшыларға 50-100 мың теңге беріп жатқанда қызығатын едік. Қазір өзімізде де бәрі жақсы», – деді балуан.
