Исхар Құрбаев Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Жарыстан кейін алғашқы әсерімен бөліскен Исхар Құрбаев бұл жүлденің өзі үшін ерекше мәнге ие екенін айтты.
Балуан жарысқа ұзақ уақыт дайындалғанын, басты мақсаты алтын медаль болғанын жеткізді. Сондай-ақ ол жеңісін жақында өмірден өткен бауыры Жігерге арнады.
«Мен бұл чемпионатқа ұзақ уақыт дайындалдым. 55 келіге салмақ қудым.
Өз елімізде өтетін жарыста осы салмақта өнер көрсеткім келеді деген ойымды қолдаған Қонысбек ағайға рақмет. Негізгі мақсатым — алтын медаль алу еді. Алайда отбасымызда қайғылы жағдай болды. Осы жүлдемді күні кеше өмірден өткен бөлеме арнаймын. Оның өзі де спортшы, спорт мектебінде оқиды. Отбасымдағылардың бәрі маған: “Егер жеңіске жетсең, Жігерге арнашы“, —
деп айтқан еді», — деді балуан.
