Баянтауда өткен волейбол жарысы кезінде Шымкент командасының бапкері Хамит Мырзабеков жас спортшы қызды ұрып жіберген, деп жазады Sportbugin.kz.
Осы оқиғадан кейін Қазақстан волейбол федерациясы бапкерді жарыстардан шеттетіп, Қазақстан чемпионатына қатысуына тыйым салды.
Командадағы өзге қыздардың айтуынша, бапкердің мұндай әрекеті бұған дейін де болған.
Әзірге бапкердің спорттық жазадан бөлек, заң аясында жауапкершілікке тартылатыны немесе тартылмайтыны белгісіз.
