30 қазан мен 6 қараша аралығында Тараз қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Ел біріншілігінде 17 облыс пен үш мегаполистен келген 366 боксшы (238 ер және 128 әйел) 20 салмақ дәрежесінде чемпиондық атаққа таласады.
Биылғы ел чемпионатында Қазақстанның халықаралық ареналарда топ жарған бірқатар танымал боксшысы өнер көрсетеді. Олардың қатарында әлем чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегерлері мен Азия чемпионы бар.
Ерлер арасында ел чемпионатында бақ сынайтын ең атақты бес боксшы:
Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы,
60 келі) — 2025 жылғы әлем чемпионы.
Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы, 80 келі) — 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы, 75 келі) — 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Ертуған Зейнуллинов (Алматы облысы, 65 келі) — 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Сағындық Тоғамбай (Түркістан облысы, 90 келі) — 2024 жылғы Азия чемпионы.
