Қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Абу-Дабиде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола медаль үшін өзара белдеседі, деп жазады Sportbugin.kz.
Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қос отандасымыз үшінші орын үшін татамиге шығады.
Айта кетейік, жарыстың финалдық кезеңі Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
