Алтын Шағаева Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында жартылай финалға жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз ширек финалда польшалық Йовита Мария Вжесеньмен белдесіп, 5:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Алтын Шағаева бұған дейін 1/8 финалда түркиялық Бедиха Гюннен басым түсіп, ширек финалға өткен еді.
Осылайша, қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шығу үшін күресуге мүмкіндік алды.
