Алтын Шағаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына шыға алмады, деп жазады Sportbugin.kz.
59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз жартылай финалда үндістандық Манишамен белдесіп, 0:10 есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Алтын Шағаева бұған дейін Түркия (3:1) және Польша (5:1) балуандарынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алған еді.
Енді отандасымыз әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.
