Жапониялық балуан Араш Йошида Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен жапон балуаны жартылай финалда Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудиновпен белдесті.
Кездесу барысында Йошида алғашқы ұпайды еншілегенімен, Тажудинов қарсы әдіс қолданып, қатарынан алты ұпай жинады. Алайда жапониялық балуан қарсыласын туше әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.
Осылайша, Араш Йошида әлем чемпионатында қатарынан екінші Олимпиада чемпионын жеңді. Бұған дейін ол 1/8 финалда 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, ирандық Хасан Язданиден басым түскен еді.
Енді жапониялық балуан әлем чемпионатының финалында АҚШ өкілі, қазіргі әлем чемпионы Кайл Снайдермен кездеседі. Ал Ахмед Тажудинов қола медаль үшін күреседі.
Айта кетейік, Йошида мен Тажудинов 2026 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалында кездескен. Ол кездесуде де жапон балуаны басым түскен еді.
