Санкт-Петербургтің «Зенит» клубында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп ұлттық құрама сапына қосылды.
Футболшы Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарына қосылды. Ал кеше ұлттық құрама тарихындағы үздік сұрмерген Бахтиер Зайнутдинов пен «Адана Демирспор» клубының шабуылшысы Абат Айымбетов ұшып келген еді.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиыны аясында Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізген болатын. Әліп ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіне жолдама алу үшін Грекияға қарсы жартылай финалдық ойын алдында командаға қосылған соңғы ойыншы болды.
Алайда сары қағазының көптігіне байланысты ол ойынға қатыса алмайды. Егер Қазақстан құрамасы гректерді жеңсе, Нұрәлі финалда ғана ойнайды.