Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне Жалғас Түкешов тағайындалды.
Бұл туралы ҚБФ ресми Instagram парақшасында хабарлады.
«Жалғас Тукешов бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 10 жылдан бері әуесқой бокста бапкерлік атқарады. Сондай-ақ 8 жылдан бері кәсіпқой бокста промоутерлік қызметпен айналысып, елімізде бокс кештерін ұйымдастырып жүр», — делінген жазбада.