Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының оқушылары макулатура жасап, үйреніп шеберліктерін шыңдады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Экскурсия Astana Qagazy базасында ұйымдастырылды. Сонымен қатар шеберлердің қолынан шыққан макулатуралар қалай жасалатыны көрсетілді.
Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жанаргүл Байкенжеева ой бөлісті.
«Бүгінгі экскурсия өте мазмұнды әрі танымды өтті. Оқушылар макулатураның қалай сұрыпталып, қайта өңдеуге дайындалатынын өз көздерімен көріп, қағаз қалдықтарының да қайта пайдаға асатынын түсінді.
Біз үшін ең маңыздысы – балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа жанашырлықты күнделікті әрекетке айналдыру. Осындай тәжірибелік шаралар оқушыға жүз рет айтқаннан да әсерлі деп ойлаймын.
Бүгін балалар соны нақты көріп, жақсы әсермен қайтты», – деді ол.
