Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
60 келі салмақта өнер көрсететін Оразбек Асылқұлов жартылай финалда Жетісу облысының өкілі Әділбек Қожаханмен кездесіп, 5:0 есебімен есе жіберді.
Әділбек Қожахан бұған дейін ширек финалда 2024 жылғы Қазақстан чемпионы Талғат Сырымбетовтен басым түскен еді.
Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов — 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының жеңімпазы және 2026 жылғы Азия чемпионы.
