Тараз қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр, деп жазады Sportbugin.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аман Қонысбеков пен Әбілхан Аманқұл жартылай финалда кездесті. Жекпе-жектің үш раундында да Аман Қонысбеков басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл — 2018 жылғы Азия ойындарының және 2021 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Кәсіпқой боксқа ауысқан спортшы кейін әуесқой боксқа қайта оралды.
